Италиялық «Рома» мен Босния және Герцеговина құрамасының капитаны Эдин Джеко 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің жеребе нәтижелері туралы пікір білдірді:
- Өкінішке орай, біз үшінші себетте өз орнымызды жоғалтып алғанымызды ескере отырып, топ қиын болады деп күттік. Франция бірінші орынға басты үміткер. Одан бөлек, көптеген жылдар бойы өте жақсы деңгейле ойнап келе жатқан Украина және Финляндия да бар. Олардың бізге Еуропа чемпионатына баруға белгілі бір деңгейде кедергі келтіргенін есіме алғанда, әлі күнге дейін өзімді кінәлі сезінемін. Әрине, біздің бесінші қарсыласымыз да мықты, өйткені Қазақстан - осы себеттегі ең жақсы командалардың бірі.
Біздің серіктес: FONBET