Жарнама
Жарнама

Эдинбург дербиі – Ислам Чесноков негізгі құрамда дебют жасап, “Хартс” маңызды жеңіске жетті

Бүгін, 06:50

Шотландия Премьер лигасының 26-турында Қазақстандық жанкүйерлер үшін айтулы оқиға орын алды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Ұлттық құраманың шабуылшысы Ислам Чесноков алғаш рет "Хартстың” негізгі құрамында алаңға шығып, Эдинбург дербиінің атмосферасын сезінді.

"Тайнкасл Парк” стадионында өткен "Хартс" пен "Хиберниан” арасындағы кездесу дәстүрлі түрде өте тартысты өтті. Ойынның алғашқы таймы аяқталар тұста Ислам Чесноковта гол соғатын тамаша мүмкіндік болды. Қарсыластың қорғаушылары қыспаққа алғанына қарамастан, Ислам ыңғайсыз бұрыштан соққы бағыттап үлгерді, алайда доп қақпа маңдайшасынан биік ұшты. Ол ойын барысында белсенділігімен көзге түсті.

Матч тағдырын ойын соңындағы жалғыз гол шешті. Гарри Милннің тамаша пасынан кейін Томас Магнуссон нысананы дәл көздеп, "Хартсқа” жеңіс сыйлады.

"Хартс" 26 ойыннан кейін 57 ұпай жинап, турнир кестесінде жеке-дара көш бастап тұр.

Ең жақын қуғыншы "Рейнджерс" клубымен арадағы айырмашылық 6 ұпайға дейін ұлғайды 

Дерек Макиннес баптаған ұжым бұл жеңістен кейін чемпиондық бәйгедегі позициясын айтарлықтай нығайтты. Ал Ислам Чесноковтың негізгі құрамда көрінуі — оның Шотландия футболына бейімделіп, жаттықтырушының сеніміне ие бола бастағанының айқын дәлелі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров