Жарнама
Жарнама

Эдинсон Кавани 200 гол соқты

24.02.2020, 14:53
Жарнама
Жарнама

Франция біріншілігінің 26-туры аясында «Пари Сен-Жермен» өз алаңында «Бордоны» қабылдап, кескілескен матчта (4:3) жеңіске жетті. Осылайша Франция чемпиондары 65 ұпай жинап, екінші келе жатқан «Марсельден» 13 ұпайға қара үзіп кетті.

Осы ойында алғашқы минуттан бастап алаңға шыққан Эдинсон Кавани 25-минутта есепті теңестіріп жауап голының авторы атанды. Бұл ургувайлық сұрмергеннің ПСЖ жейдесіндегі 200-голы болатын.

Жалпы Кавани Париж клубыны сапында 298 матчқа қатысып, осы көрсеткішке жетіп отыр. Оның 138-і Лига 1-де, 30-ы Чемпиондар лигасында, 32-сі Франция кубогында.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров