Жарнама
Жарнама

Эдинсон Кавани "Атлетико" ойыншысы атануы мүмкін

28.12.2019, 23:23
Жарнама
Жарнама

"ПСЖ-ның" уругвайлық шабуылшысы Эдинсон Кавани қысқы трансферде Мадрид ұжымының қатарына қосылуы мүмкін.

Испан клубы 32 жастағы шабуылшымен 3 жылдық келісім-шартқа қол қойған көрінеді. Енді қысқы трансферлік кезеңде Эдинсон Каваниді өз қатарына қоспақшы. Қаңтар айындағы трансферді жүзеге асыру үшін Мадрид клубы өз қатарындағы кейбір ойыншыларды сатуды да жоспарлап отыр. Бұған дейін уругвайлық шабуылшы Мадридтен үй сатып алғаны жайлы ақпараттарда басылым беттеріне шыққан болатын.

Естеріңізге сала кетсек Эдинсон Каванидің "ПСЖ" клубымен келісім-шарты 2020 жылы жазда аяқталады.

Эдинсон Кавани биылғы маусымда Франция біріншілігінде тек 14 ойында өнер көрсетіп қарсылас қақпасына 5 гол соққан. Бұл көрсеткіш уругвайлық шабуылшы үшін "ПСЖ" сапындағы ең сәтсіз маусым.

Осыған дейін 32 жастағы шабуылшы "ПСЖ" сапында 187 ойында 135 гол соғып клуб тарихындағы үздік сұрмерген атанған болатын. Клубпен бірге жалпы алғанда 20 жүлде иеленген. Соны ішінде 5 мәрте Франция чемпионы атанып екі рет чемпионаттың үздік бомбардирі атанғаны бар.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров