Жарнама
Жарнама

Эдинсон Кавани мансабын Испанияда жалғастырмақ

18.12.2021, 22:50
Уругвайлық шабуылшы англиялық клубпен келісім-шартты бұзғысы келеді
Жарнама
Жарнама

Уругвай құрамасының шауылшысы Эдинсон Кавани «Манчестер Юнайтедтен» кету туралы шешім қабылдады.

34 жастағы уругвайлық футболшы «Барселонаның» ұсынысын қабылдауға бел буды. Кавани қаңтарда каталондық клубпен келісім-шартқа отырғысы келеді.

Айта кетейік, Каваниге «Бока Хуниорс» командасынан ұсыныс түскен, бірақ шабуылшы агентіне «Барселонаға» ауысқысы келетінін ашық айтқан екен.

Эдинсон осы маусымда негізгі құрамға іліге алмауда. Премьер-лигада небәрі 5 ойынға қатысып, 1 гол соқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров