Жарнама
Жарнама

Эдуард Менди Чемпиондар Лигасының рекордын орнатты

30.05.2021, 16:56
23 жасында жұмыс іздеп жүрген сенегалдық азамат 29 жасында Чемпиондар Лигасын жеңіп алды.
Жарнама
Жарнама

"Челсидің" қақпашысы Эдуард Менди Чемпиондар Лигасында өткізген он екі матчтың тоғызында гол жібермеді, бұл қақпашылар арасында осы турнирдің дебюттік маусымындағы рекорды болып табылады, деп хабарлады OptaJoe статистикалық порталы.

Сондай-ақ Менди Чемпиондар Лигасының финалында ойнаған және жеңіске жеткен алғашқы африкалық қақпашы болды.

Еске салайық, Эдуард Менди "Челсиге" осы маусымның басында ауысып келді. Премьер-лигада 31 матчқа қатысып, 16 кездесуде қақпасына гол жібермеді.

"Челси" өз тарихында екінші рет Чемпиондар Лигасын жеңіп алды. Лондондық клуб алғаш рет 2012 жылы осы трофейге қол жеткізген еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров