Жарнама
Жарнама

Эдуардо Камавинга «Реал Мадридке» ауысады

31.08.2021, 15:10
Трансфер құны 31 миллион еуроны құрады.
Жарнама
Жарнама

Франция құрамасы мен "Ренн" клубының жартылай қорғаушысы Эдуардо Камавинга "Реал Мадридке" ауысады, деп хабарлайды белгілі инсайдер Фабрицио Романо.

"Реал Мадридтің" 31 миилион еуроны құрайтын ұсынысын "Ренн" басшылығы қабылдауға мәжбүр болды. Себебі футболшының келісім-шарты келесі жазда аяқталатын еді.

Камавинга медициналық тексерістен де өтіп үлгерді. Қос клуб та құжатқа байланысты барлық мәселені шешіп қойды. Бүгін бұл трансфер туралы ресми түрде хабарланады.

Айта кетейік, 18 жастағы футболшыға "Манчестер Юнайтед" пен "Пари Сен-Жермен" қызығушылық танытқан болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров