Бүгін Қостанайдың "Тобылы" Юсуф Салехпен келісімшартқа отырды.
28 жасар жартылай қорғаушы соңғы маусымды Швецияның Седертелье қаласының намысын қорғайтын "Сюрианск" командасында өнер көрсеткен болатын. Биыл Эфиопия ұлттық құрамасының сапында Африка біріншілігіне қатысып қайтты.
Турасын айтқанда Нигерияға қарсы ойында екінші таймда алаңға шығып, 68 минут ойнады.
Жалпы, Юсуф Салех футболшылық карьерасының басында Швецияның төменгі лигаларында ойнаған. 2004 жылы АИК командасына ауысты. Алайда тұрақтай алмады. 2008 жылы АИК-қа қайта келді де сол жылы 10 тамызда "Эльфсборгқа" қарсы ойнады. 2008-2009 жылдар арасында Салех АИК үшін 14 ойын өткізіп, ел чемпионы және кубок тегері атанған.
2010 және 2011 жылды жартылай қорғаушы "Сюрианска" командасында жалға өткізді. Сөйтіп, жаңа командасымен Аллвсвенкан дивизионына жолдама алып, 2012 жылы Седертелье қаласының клубына бір жола ауысты.
pfl.kz