Португалиялық жаттықтырушы Карлуш Кейруш Египет құрамасын тізгіндеді. Бұл туралы Египет футбол федерациясының баспасөз қызметі.
68 жастағы маман бұл қызметте Хоссам Эль-Бадриді алмастырды. Египет құрамасы қазіргі уақытта 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің F тобында екі ойында 4 ұпай жинап, екінші орында тұр.
Кейруштің соңғы рет 2019 жылдың ақпанынан 2020 жылдың желтоқсанына дейін Колумбия құрамасын жаттықтырды. Ол кезде Колумбия әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің төрт турында 4 ұпай жинап, жетінші орынға табан тіреді. Колумбияға дейін Кейруш Иран, Португалия, Оңтүстік Африка, Біріккен Араб Әмірліктері, "Спортинг" және басқа командаларды баптады, сонымен қатар "Манчестер Юнайтедтің" жаттықтырушылар штабында болды.
Біздің серіктес: FONBET