Жарнама
Жарнама

Египетте футболдағы тәртіпсіздікте 73 адам қаза тапты

03.02.2012, 04:39
Жарнама
Жарнама

Египеттің мемлекеттік телеарнасы кеше Порт-Саид қаласында футбол ойынынан кейін басталған тәртіпсіздіктерде 73 адамның қаза тауып, 100 шақты адамның жараланғанын хабарлады. Қаза тапқандардың біразы қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері деген болжам бар. Дәрігерлер қаза тапқандардың біразы пышақталғаннан қайтыс болғанын айтады. Тәртіпсіздік Порт-Саидтың "әл-Масри" командасы Египеттегі ең мықты клубтардың бірі "әл-Ахлиді"  жеңе салысымен басталып, фанаттар "әл-Ахли" клубының ойыншылары мен жақтастарына дүрсе қоя берген. Ал елдің футбол федерациясы осы оқиғадан соң бірден Каирде өтетін кезекті ойынды тоқтатқаннан соң, фанаттар стадионның жартысына от қойған. Дереккөз: аzattyq.org
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров