Жарнама
Жарнама

Египеттегі елді есеңгіреткен жәйт

03.02.2012, 06:40
Жарнама
Жарнама

Кеше Мысыр жерінде бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға орын алды. Ел біріншілігі көшбасшысы Каирдың Аль Ахли клубы кезекті тур ойынын өткізу үшін Порт Саид қаласына қонаққа барған болатын. Астаналық футболшылар бұл ойында 3-1 есебімен жеңіліс тапты. «Аль Масри» клубы өз алаңында үш ұпай еншіледі. Ойын алаң иелері мен клуб жанкүйерлері үшін өте сәтті болды. Бәрі бітіп, ойыншылар алаңнан сыртқа беттеген бір сәтте жергілікті жанкүйерлер күтпеген жерден лек-легімен Каирлік клубтың жанкүйерлеріне, одан кейін жаттықтырушылар штабымен «Аль Ахли» ойыншыларына  тап берді. Ойыннан кейінгі қырғын нәтижесінде 74 адам қаза тауып, 1000-ға жуық адам түрлі жарақат алған. Куәгерлердің айтуынша қаза болғандардың басым бөлігі әрине Каирліктер. Ойын алаңын тәрк етіп үлгермеген «Аль Ахли» ұжымы да құтырынған жанкүйерлердің жұдырықтары мен таяқтары тиіп жатты. Олар әупірімдеп жүріп алаңнан шықты. «Аль Ахлидің» португалиялық бас бапкері Мануэль Жозеге де бұл жағдай ауыр әсерін тигізген сыңайлы. Осы қанды қырғыннан аман қалғанына қуанды ма әйтеуір португалдық маман клуб басшылығына өзінің келісімшартын тоқтатып, өз еліне қайтуға ниет білдіріпті. Жалпы футболда мұндай жағдайлар әр кезеңде болып тұрады десек те, дәл мынадай сұмдықты футбол жанкүйерлері естен шығарғалы қашан. Каирлік «Аль Ахли» клубының сапында ұлттық құрама команданың бірнеше негізгі ойыншылары өнер көрсететін еді. Бұл қанды жағдайдан кейін олар, яғни Мұхаммед Абутрика ман Эмад Мотеаб және Мұхаммед Баракат  футболмен қош айтысатындығын мәлімдеді. Мұхаммед Баракат қаза болған жанкүйерлердің жандары жай тапқан соң ғана футболға келемін деп мәлімдепті. Бұл қайғылы жағдайдың негізгі себептері әлі де белгісіз болып қалуда. Бірақ та, ойынның бірінші бөлімінен кейін Каирлік клуб жанкүйерлері қарсыластарының намысына тиетін жазуы бар суреттерімен жергілікті фанаттардың ызасына тиген көрінеді. Шабуылдың алдымен астаналық жанкүйерлерге жасалғаны да осыдан болған көрінеді.

Египет футбол тарихында мұндай қайғылы оқиғалар алдын да болған. Атап айтар болсақ, 1974 жылдың 11 ақпанында Каирдегі «Замалек» стадионындағы кезекті бір ойын үстінде алаңның жылжымалы конструкциясының бір бөлімі құлап, 48 адам қаза болып,47 адам түрлі жарақат алған. Одан кейін 1999жылдың 11қаңтарында Александрия қаласында «Аль Иттихад» және «Корм» клубтары арасындағы ойын үстінде кептеліс болып, 8 адам мерт болған. Мысыр жерінде футбол матчында адамдар қаза тапқан жағдайлар болған екен. Алайда, мына жағдай ерекше. Бұл тосыннан болған жағдай емес, қолдан ұйымдастырылған нәрсе. ФИФА президенті Иозеф Блаттер бұл оқиғаға байланысты  «болған жағдайға футбол кінәлі емес. Бұл толыққанды тексеруді қажет ететін қиын мәселе»-деді. ФИФА президенті Мысыр футбол федерациясына бұл істі егжей-тегжейлі тексеруді талап етті. Ал пирамидалар елінде осы жағдайға байланысты ел біріншілігі уақытша тоқтатылып, ойыннан кейінгі үш күн «Қаралы күн»деп жарияланды. Кінәләлерді іздеу жұмыстары да басталып кетті. Сол күні ақ Мысыр полицейлері Порт Саидтегі тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айыппен 47 кісіні тұтқындап үлгерді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров