«Қайрат» командасының қорғаушысы Егор Сорокин Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің төртінші турындағы Италияның «Интеріне» қарсы алдағы матч туралы пікір білдірді.
«Алда бізді ауыр матч күтіп тұр. Біз бар мүмкіндігімізді көрсетуіміз керек. Үш нәрсе маңызды: қиындыққа төзе білу, еңбектену және командалық жеңіске сену. Жетістікке жету - команда әкімшісінен бастап барлық футболшыларға дейін қатысты», — деді Сорокин.», — деді Уразбахтин.
«Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үш турдан кейін бір ұпай жинап, турнир кестесінде 34-орында тұр.
Кездесу сәрсенбіден бейсенбіге ауған түні Астана уақытымен 01:00-де «Сан-Сиро» стадионында басталады.
Біздің серіктес: FONBET