Жарнама
Жарнама

Егор Сорокин: біздің команда дайын, ертеңгі ойында тағатсыздана күтеді

29.09.2025, 13:26

«Қайраттың» қорғаушысы Егор Сорокин «Реалға» қарсы кездесу қарсаңындағы баспасөз-жиынына қатысып, ойын ортаға салды.

Егор Сорокин мен командаластары
Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, ертең алматылық клуб ЧЛ жалпы кезеңінің 2-туры аясында «Орталық» алаңда испаниялық топ-клубты қабылдайды.

 «Ойын жақындаған сайын жауапкершілік жүгін көбірек сезінудеміз. Жаттығуға қатысты, жалпы ойынға байланысты дүниенің барлығында солай. Иә, аздаған қысым бар екенін жасырмаймыз. Алайда, ол ертеңгі кездесуге қатысты емес. Ол ең алдымен маңызды матчқа дайындық пен оны қалай өткіземіз деген жоспарға байланысты қобалжу. Барлығы жақсы біледі – «Реал» Мадрид деген топ-клуб. Ал кездесудегі кез-келген қателіктің салдары ауыр болуы мүмкін. Бірақ, біздің команда дайын, ертеңгі ойында тағатсыздана күтеді. Жігіттер өздерін көрсетіп, Қазақстанды танытуға дайын. Бір сөзбен айтқанда, футболшылар өздерін тек жақсы жағынан көрсетсек деп отыр», - деді Е. Сорокин.  

«Қайрат» ЧЛ 1-турында «Спортингпен» кездесіп, 1:4 ұтылған., енді ертең тиімді есепке қол жеткізуге ниетті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров