Ол осы маусымдағы турнирде әуедегі дуэльдерді ең көп жеңген қорғаушы атанды.
30 жастағы ресейлік Чемпиондар Лигасының іріктеуімен қосқанда, биылғы жылы 14 еурокубоктік ойын өткізді.
Чемпиондар Лигасы турнирінде ең көп әуедегі тартысты жеңген футболшылар тізімі:
1.Егор Сорокин - 23 (Қайрат)
2.Дэн Берн - 22 (Ньюкасл)
3.Томас Хоры - 20 (Славия)
4.Мохамед Салису - 20 (Монако)
5.Вирджил Ван Дейк - 20 (Ливерпуль)
6.Дэвинсон Санчес - 20 (Галатасарай)
7.Микель Мерино - 19 (Арсенал)
8.Берат Джимсити - 19 (Аталанта)
9.Аюб Эль-Кааби - 19 (Олимпиакос)
10.Николас Отаменди - 19 (Бенфика).
Айта кетейік, Егор Сорокиннің “Қайрат” командасындағы келісім шарты осы жылдың аяғында аяқталады. Кейбір деректерге сенсек, футболшының өзі басқа командаға ауысуды құп көруде екен.
Біздің серіктес: FONBET