Жарнама
Жарнама

Эйнштейн бапкер Өзбекстан құрамасын баптауда Йоахимге Левке көмек бермекші

Петар Шегрт Өзбекстан құрамасының бапкерлік штабына кіруі мүмкін.

Жарнама
Жарнама

Тәжікстанды 2022 жылдың қаңтар айында тізгіндеген Петар Шегрт “шерони форс” ұжымын Азия Кубогының 1/4 финалына дейін алып шығып еді. Тәжіктер құрамасында неміс маман келгенге дейін ірі турнирлерде бұндай нәтиже тіркелмеген болатын. Алайда 2024 жылдың ақпан айында Петар қызметінен өз еркімен кетіп, 1 жылға жуық жұмыссыз қалып еді.

Соңғы жаңалықтарға сүйенсек, Йоахим Лев Өзбекстан құрамасын баптайды, ал оған Петар Шегрт көмектеседі деген ақпараттар лезде тарауда. Олай болудың да себебі бар. 57 жастағы бапкер Германияның экс-бапкерімен тығыз байланыста. Егерде барлығы өз орнына келсе, Петар қызметке 2026 жылғы Әлем чемпионаты барысында кірісуі мүмкін.

Қазірде Өзбекстан құрамасын кезінде “Ақтөбеде” доп тепкен Тимур Кападзе жаттықтыруда. Осы азаматтың арқасында миллийлер әлемдік мундиальға қатысуға мүмкіндік алды. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: