Жарнама
Жарнама

Eкі бірдей бапкердің өз қызметтерінен кеткендері жайында белгілі болды

22.09.2011, 02:41
Жарнама
Жарнама
Бүгін футболдан екі бірдей бапкердің өз қызметтерінен кеткендері жайында белгілі болды. Оның бірі «Тобыл» жаттықтырушысы Сергей Петренко клуб басшылығының шешімімен міндетінен шеттетілген. Естеріңізде болса, ресейлік маман биылғы жылдың мамыр айында Қостанай облысы әкімінің бұйрығымен «Тобылдың» бұрынғы бапкері Равиль Сабитовтың орнын алмастырған еді. Ел чемпионатының бірінші кезеңінде алғашқы алтылыққа ене алмаған Петренко тәлімгерлері чемпиондық атағын биыл қорғауға мүмкіндіктері жоқ және 27- ші турда қостанайлықтар алматылық «Қайраттан» 0-3 есебімен ұтылған. Клубтың баспасөз қызметтері өкілдерінің сөздеріне сенсек, Сергей Петренко жүктелген міндеттерді абыроймен ақтай алмағандықтан, сондай-ақ, бапкердің көмекшісі Александр Гостенин де қызметтерінен босатылған. Басшылықтың шешімі бойынша, команда ойыншыларының даярлығына жауап беретін Александр Беляков уақытша жаттықтырушы міндетін атқарады. KAZTRK.KZ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров