Швейцарияның Цюрих қаласында жеребе тартылды.
Еуропадан қосымша матч арқылы 8 команда 2014 жылы әлем біріншіліне берілер 4 жолдаманы сарапқа салады. Олар:
Португалия – Швеция;
Греция – Румыния;
Исландия – Хорватия.
Украина - Франция
Жеребе тарту рәсіміне өз тобында 2 орын алған Дания ұпайы өзгелерден аздығына байланысты қатыса алмады.
Бұған дейін Кәрі құрлықтан 9 команда мундиалға жолдама алып қойған болатын...
Қарап отырсақ жұптарды бөліп, әрқайсысына жеке баға беруге болады. Бір қызығы бұл жолғы әлем біріншілігі Португалия немесе Швециясыз өткелі тұр. Бұл екі мықты бір жолдамаға таласады. Ибрагимович, Роналду, Нани, Пепе сынды жұлдыздардың ойынына әлем жұртының назары ауатыны сөзсіз. Иә, Португалия десе желпініп футбол көрмейтін жанкүйерлер кемде-кем. Расыменде Португалияның ойыны кімді болмасын баурап алары сөзсіз. Бір ғана Роналдудың өзі қаншама жанкүйерлерді ойынымен тәнті қылады. Ал, Швеция құрамасы бізге өте таныс. Бізбен бірге С тобында өнер көрсетті. Азулы Германияға төтеп берген команда еді. Қай біріншілік болмасын ең көп жанкүйір жинайтын осы Швеция болып есептеледі. Жалпы ойын тартысты болады деп күтілуде. Тіпті бұл жұпты "өлім жұбы" деп атасақ болатын шығар.
.
Ал, Украинаға жебе жолдас болмады. Енді олар әйгілі Францияны айналып өтуге тырысып көрмек. Бұл жұпта басты фаворит Франция. Ал, егер Украина екі кездесудің қорытындысын өз пайдаларына жазса, олар үшін сенцасия болмақ. Украинада өз тобында дара шығып, мықты командаларға тамаша ойнай білетінін дәлелдеген ұжымның бірі. Ендеше олар да Бразилияға жолдама алса, таңқалуға болмас.
Исландия- Хорватия ойынын болжайтын көріпкерлер жетерлік. Кезінде Англияны үйінде қалдырған Хорватия әрине бұл жолыда аянып қалмасы анық.
Греция - Румыния ойынының да бір өзіндік айырмашылығы боларына сенеміз. Грецияға жеребе жолдас болды.
Ойындар Қарашаның 15-19 аралығында өтеді. 2014 жылғы біріншілікке Еуропадан 13 команда барады. Ал, келесі жылғы әлем біріншілігі 12 -Маусым мен 13- Шілде аралығында болады.
Дайындаған:
Қорқыт ЖӘЛИ