Кавани мен Неймар екеуі ерегесті. Мәссаған! Кеше ғана командаға келіп, гол соғып жарқылдап кеткен Неймар сабасына түсті. "Лионға" қарсы өткен ойында Неймар айып соққысын жасағысы келді. Бірақ, Кавани допты алып "мен тебемін" депті. Сүйтіп тұрғанда Дани Алвес келіп, "Неймар тепсін" деп допты тартып алады. Қанша дегенімен бразилиялық қой. Отандасы, әрі "барсаласы" болған соң Алвесті де түсінуге болады.
Бірақ, Эдинсонның да өз ойы бар. Келе салып қожайын болатындай ол кім? Неймар болса өзіне. Ол келгенше де осы команданы өрге сүйреп келген мен едім" деген секілді ой туындады-ау. Енді ойын соңынан кейін Унай Эмери "бұл жағдай ұнамайды" дегендей емеурін танытты. Екеуі шешсін, болмаса араларына мен араша түсемін депті. Міне, қызық. Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды-ау!
Біздің серіктес: FONBET