Жарнама
Жарнама

«Екібастұз» «Ақтөбе» ойыншысымен толықты

15.04.2021, 05:52
«Ақтөбедегі» бәсекелестікке байланысты Есен негізгі құрамға іліге алмады.
Жарнама
Жарнама

Бірінші лигада бақ сынайтын "Екібастұз" командасы "Ақтөбенің" жартылай қорғаушысы Есен Жасановты маусым соңына дейін жалға алды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

22 жастағы футболшы "Ақтөбе" клубының түлегі болып табылады. Есен 2019 жылы "Ақтөбе" клубының негізгі ойыншысы болды. Сол жылы Премьер-лигада 28 ойынға қатысып, бір гол соқты. Қазақстан жастар құрамасына шақырту алғанымен, дебюттік матчын өткізе алмады. Былтыр Бірінші лигада 6 ойынға қатысқанын да айта кетейік.

Ал "Екібастұз" Бірінші Лиганың алғашқы турында "Мақтаарал" командасына есе жіберді (0:1).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров