Жарнама
Жарнама

Екінші айналым сәтті басталды

23.05.2011, 21:21
Жарнама
Жарнама
Өткен сенбіде Қазақстан Премьер лигасының екінші айналымы бастау алды. 12-турда "Ақтөбе" қызылордалық "Қайсарды" қабылдады. Төреші ысқырығынан кейін шабуылға бет алған алаң иелері сәт сайын "Қайсар" қақпашысын мазалап тұрды. Алайда "Ақтөбе" жанкүйерлеріне голды жарты сағат күтуіне тура келді. 27-минутта екінші деммен шабуыл жасаған жерлестеріміз гол соғып, жанкүйерлерді дүр сілкіндірді. Алғашқы голды соғып, жанкүйерлер көзайымына айналған – М.Хайруллин. Бірақ бірінші таймның соңғы минутында Максим есепті теңестіріп, қызылордалықтарға үміт отын сыйлады. Үзілістен кейін "Ақтөбе" қонақтардың үмітіне су сепкендей болды.  59-минутта "Ақтөбе" капитаны С.Смақов екі ойыншыдан өтіп, отыз метрден "тоғыздықты» дәл көздеді. Төрт минуттан кейін ақтөбелік жас өрен С.Лисенков өз командасының үшінші голын соқса, матчтың 71-минутында А.Дарабаев көтерген допты «қайсарлық» Сағындықов өз қақпасына салып алды. 86-минутта Дарабаевтың өзі де гол соғып, доп «Қайсар» қақпасына бесінші мәрте кірді. Соңғы минуттарда оқша жауған голдардан кейін жігері құм болған «Қайсардың» қақпасына Хайруллин екінші голын соғып, бұл матчқа нүкте қойды. Қорытынды есеп – 6:1. «Ақтөбеге» қайсарлығын көрсете алмаған «Қайсар» бір апта бұрын ғана өз алаңында біріншіліктің күміс жүлдегерлеріне жол беріп, салы суға кеткен еді. Есет Төлеш Ақтөбе қаласы
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров