Екінші лиганың “Іле-Алатау” мен KazAst клубтары арасындағы ойын өтпейтін болды

Өтеген-Батыр ұжымы қарсылас команданы қабылдай алмайтынын жеткізіпті. 

Оңтүстік-Батыс конференциясының “Іле-Алатау” мен KazAst арасындағы 20-тур ойыны бүгін сағат 16:00-де басталуы тиіс болған. Аталған кездесуді “Q Football” арнасы тікелей эфирде көрсетуге бекінген. Алайда ойын болмайтындықтан, барлық жоспар аяқсыз қалды.

Өз үйіндегі матчтан бас тартқан “Өтеген-Батыр” клубына Лига тарапынан техникалық жеңіліс жариялануы ғажап емес. 

Айта кетейік, Екінші лиганың 19-турында 23 ұпай жинаған “Іле-Алатау” турнирлік кестеде 8 орында келеді. 

Материалда: