Жарнама
Жарнама

Екінші таймда қос бірдей гол соққан «Қайрат» «Базельден» айласын асыра алмады

01.10.2021, 07:52
Алматылық клуб екінші таймда оянды. Сондықтан есепті теңестіруге уақыт жетпеді.
Жарнама
Жарнама

Алматылық «Қайрат» Конференция лигасының топтық кезеңінің екінші турында швейцариялық «Базельден» ұтылды.

Командалар арасындағы кездесу Швейцарияда өтіп, 4:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Ойын барысында «Базель» төрт гол айырмашылығымен алға шыққан болатын.

Швейцариялықтар бірінші таймда жеңіске жету үшін маңызды қадам жасады. Алдымен 15-минутта Артур Кабрал есеп ашты, содан кейін Михаэль Ланг (21 және 39-минут) дубль жасады. 49-минутта Дан Ндой «Қайрат» қақпасына командасының төртінші голын соқты.

65-минутта Хосе Канте бір гол соқты, ал үш минуттан кейін Рикарду Алвеш пенальтиді сәтті орындап, есеп айырмасын қысқартты. Алайда, алматылықтарға таразы басын теңестіруге уақыт жетпеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров