Жарнама
Жарнама

ЕЛ. "Астана" жеңді! Томасов апта үздіктерінің қатарында

05.10.2018, 22:28
Жарнама
Жарнама
Еуропа лигасының екінші тур ойындары толықтай өз мәресіне жетті. Тиісінше апта құрамасы да белгілі болды. Елордалық клуб үмітті ақтап, дүйім жұртты жеңіспен қуантты. Франциядан келген "РЕНН" командасына жауапсыз екі гол соғып, сенімді жеңіске жетті.  Бірінші тайм "Астананың" сәл басымдылығымен өткенімен, ойынның есебі өзгермеді. Ал екінші таймның 64 минутында Томасовтың бұрыштамадан көтерген добына Зайнутдинов бірінші болып жетіп, баспен әдемі соққы жасап, таблодағы есепті өзгертті. Ойынның уақыты аяқталар тұста осыған дейін бір голдық паспен көзге түскен Томасов қақпашымен бірге-бір шығып, "Астанаға" сенімді жеңіс сыйлады. Елордалықтар екі ойын қорытындысы бойынша төрт ұпай жинап, топта көш бастап келеді. "Динамо Киевпен" өткен ойында көптеген мүмкіндіктерді пайдалана алмай, ойыны жүрмеген М. Томасов осы ойында өзін бар қырынан танытып, Еуропа лигасының апта құрамасына еніп отыр.  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров