Жарнама
Жарнама

Ел чемпионаты қайта жалғасты

01.04.2011, 17:37
Жарнама
Жарнама
Ұлттық құрамамыздың ойындарына байланысты екі апта үзіліс алған футболдан Қазақстан чемпионаты кеше кешкісін қайта жалғасты. 4-турдың орталық кездесуі елордамыздың «Астана-Арена» стадионында өтті. Өткен жылғы Қазақстан кубогының иегері және биылғы жылы еліміздің кіл мықтыларын құрамына жинаған «Локомотив» соңғы жылдардың үздік ұжымы «Ақтөбені» қабылдады. Негізі, 4-турдың алғашқы нәтижелері Талдықорған мен Шымкентте белгілі болды. Алматы облысының орталығында «Жетісу» Қызылорданың «Қайсарын» қабылдаса, Шым қалада оңтүстік дербиі өтіп, қонақтар бір гол айырмашылығымен басым түсті. Сондай-ақ тағы бір қызық әрі тартысты кездесу Қостанайда өтті. Ел чемпионы «Тобыл» Қарағандының «Шахтерін» қабылдап, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. 4-турдың нәтижелері: «Локомотив» (Астана) — «Ақтөбе» – 1:0 Гол: Нөсербаев, 21. «Ордабасы» (Шымкент) — «Тараз» – 0:1 Гол: Кургулин, 47. «Ертіс» (Павлодар) — «Восток» (Өскемен) – 3:1 Голдар: Мальцев, 53. Сергиенко, 55. Чернышев, 70 — Мулиса, 37. «Тобыл» (Қостанай) — «Шахтер» (Қарағанды) – 1:2 Голдар: Бекрич, 87 — Борантаев, 42. Борантаев, 44. «Атырау» — «Қайрат» (Алматы) – 1:1 Голдар: Шафф, 34-пенальтиден. Чуреев, 53 — Струков, 30. Головской, 68. «Жетісу» (Талдықорған) — «Қайсар» (Қызылорда) – 3:0 Голдар: Климавичус, 17. Бакаев, 54. Мұжықов, 86. Автор: Әзиз Жұмаділ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров