Қостанай обылысының әкімі Сергей Кулагин «Тобыл» командасының бас бапкері Равил Сабитовты қызметінен босатты . Облыс басшысының сөзіне сенсек бұдан бұрын Сабитовқа команданың сәтсіздік серясына нүкте қою тапсырылған көрінеді. Алайда жүктелген міндетті орындай алмаған ресейлік маманға орнын босатудан басқа амал қалмағанға ұқсайды.
Естеріңізге сала кетейік ел чемпионы, «Тобыл» 12 ойында 3 рет жеңіске жетіп, 2 тең ойын өткізіп, 7 кездесуде жеңіліс тауып турнир кестесінде тоғызыншы орында келеді.
Шілдеде чемпиондар лигасында өнер көрсететін қостанайлық команда енді бапкер іздеп бас қатыруда . Әзірге команда тізгінін ұжымның физикалық дайындығын қадағалап жүрген Александр Беляковқа ұстатыпты.