Армения ұлттық құрамасының 27 - жасар футболшысы Эдгар Манучарян өз мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін.
Амстердамдық «Аякс» футбол академиясының түлегі ресейлік «Урал» командасында ойнаған.
**********************************************************************************************************************
19 жасар шабуылшы Виталий Ли «Астана» командасының футболшысы атануға жақын.
Өткен маусымда алматылық «Қайрат» командасына жалға берілген Ли, 16 ойында 4 голдың авторы атанған. Қарағандылық «Шахтер» командасына қайта оралған футболшы, кеншілермен оқу-жаттығу жиынына аттанған болатын. Негізгі құрамға ене алмаған Виталий Ли, елордалық «Астана» командасында сынақта жүр.
**********************************************************************************************************************
Тарас Царикаев «Ақтөбе» ойыншысы атануға жақын. Келісім-шарт мерзімі 1 жылға жасалмақшы.
Тарас үлкен футболдағы мансабын «Автодор» командасында бастаған. Мәскеулік «Локомотивтің» екінші құрамында ойнаған. 2009 жылы «Алания» командасына ауысып барған. Команда капитаны атана жүріп, 86 мәрте жасыл алаңға шығып, 1 голдың авторы атанған.
**********************************************************************************************************************
«Атырау» норвегиялық «Хёдд» командасымен жолдастық кездесу өткізбекші. Ойын 21 ақпан күні болмақ.
Команданы 39-жасар норвегиялық маман Синдре Ейд жаттықтырады.
«Хёдд» Еуропа Лигасының іріктеу ойындарында «Ақтөбе» командасымен кездесіп жеңіліс тапқан.



Біздің серіктес: FONBET