Жарнама
Жарнама

Ел футболындағы жаңалықтар

03.03.2014, 18:08
Жарнама
Жарнама
«Спартак» просматривает японца Семейлік «Спартак» командасында 23 жасар жапондық жартылай қорғаушы Минори Сато сынақта жүр.  Минори Сато үлкен футболдағы алғашқы қадамын 2009 жылы «Зеспа Кусацу» командасында бастаған. Кейін АҚШ-тағы «Индиана Инвэдерс» командасында ойнаған. Мексикалық «Пуэбла» командасына ауысымы сәтті бола қоймады. 2010 жылы Еуропаға сапарын бастайды. Латвиялық «Гулбене», «Вентспилс» және «Сконто» командаларында да бағын сынаған. Футболшының соңғы ойнаған клубы белоруссиялық «Динамо» командасы болды. ***********************************************************************************************************************<strong>Хольгер Фах — еще один претендент на пост тренера «Иртыша»</strong> Неміс маманы  Хольгер Фах жақын арада павлодарлық «Ертіс» командасының тізгінін ұстауы мүмкін.  Бұрынырақ, бұл бапкер елордалық «Астана» ("Локоматив" бұрынғы атауы) командасын жаттықтырған.  Сондай-ақ, ұлттық құрама мен «Астана» командасының экс-жаттықтырушысы Мирослав Беранек пен Эстония ұлттық құрамасының экс-жаттықтырушысы Тармо Рюютли де «Ертіс» командасының бапкерлігін үміткерлер қатарында. Рюютли не комментирует переговоры с «Иртышом» **********************************************************************************************************************  Игор Бурзанович забил первый гол за «Иртыш» Ярославтық «Шинник» пен павлодарлық «Ертіс» арасындағы жолдастық кездесу 3:3 есебімен тең аяқталды. Керекулік ұжымның қатарына жаңадан қосылған Игор Бурзанович алғашқы ойынында көзге түсті. Черногориялық футболшы алғашқылардың бірі боп есеп ашқанымен, қарсылас команда ойыншылары 3 голмен жауап қатты. Ұлықбек Бакаев пен Предраг Говедарицаның соққан голдарының арқасында «Ертіс» есепті теңестірді. Қорытынды есеп - 3:3. *********************************************************************************************************************** Бауржан Джолчиев подписал контракт с «Астаной» «Астана» командасының кезекті жаңа ойыншысы - Бауыржан Джолчиев.  Бауыржан елордалық клуб сапында 22 нөмірмен өнер көрсететін болды. 23 жасар футболшы бұған дейін «Алма-Ата», «Атырау» және «Тобыл» командаларында өнер көрсеткен. Ұлттық құрама сапында 6 ойынға қатысып, 2 гол, 1 нәтижелі пастың авторы атанған. Сондай-ақ, Бауыржан Қазақстанның жастар құрамасында да ойнаған. 14 ойында 1 гол соққан. *********************************************************************************************************************** Куцов игрок «Спартака» Семейлік «Спартак»  36 - жасар қорғаушы Сергей Куцовпен келісім-шарт жасасты.  Қырғыстан футбол мектебінің түлегі Қазақстан Премьер-Лигасында  225 ойын өткізіп, 24 гол соққан. Соңғы үш маусымды «Атырау» командасында өткізген (54 ойын, 1 гол). «Жетісу» сапында (29 ойын, 5 гол), «Қайсарда» (9 ойын) және «Қайратта» (133 ойын, 18 гол). ********************************************************************************************************************** Гикиевич — очередной новичок «Тобола» Польшалық шабуылшы Лукаш Гикиевич қостанайлық «Тобылдың» ойыншысы атанды. Лукаш «Шленск» пен «Омония» клубтарының сапында Еуропа Лигасы мен Чемпиондар Лигасында ойнаған. Лукаш Гикиевич Туған жылы: 26 қазан 1987 Бойы: 188 см Салмағы: 75 кг Қапталдағы орны: Шабуылшы Азаматтығы: Польша ********************************************************************************************************************* Самченко подписал контракт со «Спартаком» Максим Самченко семейлік «Спартак» командасымен 1 жылдық келісім-шарт жасасты.  34 - жасар теміртаулық футбол мектебінің түлегі  Қазақстан Премьер-Лигасында 410 ойынға қатысып, 5 гол соққан. «Булат» 47 ойын, «Восток-Алтын» 59 ойын (3 гол), «Ақтөбе» 104 ойын (2 гол), «Шахтер» 90 ойын, «Локомотив»(Астана) 44 ойын, «Жетісу» 29 ойын, «Атырау» 37 ойын. *********************************************************************************************************************** Два игрока «Кайсара» летят в Гибралтар Қызылордалық  «Қайсардың» екі ойыншысы Эстония ұлттық құрамасының алдағы Гибралтармен өтетін жолдастық кездесуіне  шақырту алды.  Олар 26-жасар жартылай қорғаушы  Сергей Мошников пен  28-жасар шабуылшы Римо Хунт. Мошниковтың еншісінде 19 ойын болса, Хунт бар-жоғы 4 ойынға қатысқан екен. *********************************************************************************************************************     Абылайхан ЖҰМАШ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров