ҚПЛ 26-турында орталық кездесуінде итальяндық төрешілер бригадасы қызмет жасамақ.
26 қазанда болатын Премьер-лиганың соңғы әрі тартысты кездесуіне Федерация тарапына шетелдік мамандарды тартып жатыр екен. Инсайдтарға сенетін болсақ, “Қайрат” пен “Астана” арасындағы матчты Италиядан келген азаматтар басқармақ.
Еске салсақ, ішкі чемпионаттың 23-турының “Қайрат” - “Ақтөбе” және “Астана” - “Елімай” кездесулерінде қырғызстандық Нұрзатбек Абдықадыров пен португалдық Жоау Гонсалвеш қызмет жасаған болатын. Бұған дейін Премьер-лига ойындарына шетелден мамандар шақырту іс-тәжірибесі бұрын-соңды болмаған еді.
Төрешілерді өзге елден шақырту жобасы сәтті шыққан соң, Федерация тарапы Қызылордада өткен Қазақстан Кубогы финалы ойынына да швейцариялық арбитрлер бригадасын шақыртты.
Айта кетейік, “Астана” мен “Қайрат” арасындағы маусымның алғашқы ойыны 2 наурыз күні өткен болатын. Аталған кездесуде еліміздің қос мықтысы 1:1 есебімен тең тарқасып, жеңімпазы анықтай алмаған болатын.
Біздің серіктес: FONBET