Қос команда да әлем футболының бір-бір тұтқасын ұстап тұрған беделі жоғары клубтар. Жеңіске жету жолында әр қайсысы да өзіндік әдіс-тәсілдерін қолданады. Екеуінің де ойын стилі айрықша, бір-біріне ұқсамайды.
Меніңше тәуіп кейпіне еніп Эль Класико нәтижесін болжағаннан гөрі қос команданың алдағы матчта ұстанар тактикасы мен ұсынар сыйлары турасында диспут жүргізген қызығырақ секілді. Бұл төңіректе Хосеп Гвардиоланың қандай әрекетке барары күллі жанкүйерді алаңдатады. Себебі ағымдағы мауысымда ол әріптесі Мауриньюмен талай рет кездесіп, ұрымтал сәттерде өте нәтижелі қадамдары арқылы жеңісті уысынан жібермеген.
«Барса» үнемі шабуылдау арқылы қарсыласын қателесуге мәжбүрлейтін команда. Қараптан-қарап «Пеп» қақпанына түсе қоятын «Реал» бар ма? Сондықтан «блауграна» орташа жылдамдықпен қозғалып, өзі де қателік жібермеуге тырысады. Айтылған әдіс іске асар болса Гвардиолаға алғы шепке үш бірдей шабуылшыны жұмылдыратын дәстүрлі сызбасынан бас тартып 4-4-2 нұсқасын таңдауға тура келер. Мұным - алда тек Лионель Месси мен Давид Вилья ғана қалар деген болжам ғой. Ондай болса орталықта Андрес Иньеста мен Хави қоян-қолтық жұмыс атқарып, шеңбер маңы соғысын мойындарына артар.
«Барса» үшін тағы бір ауыртпалы мәселе - шабуылдан қорғанысқа көшу процессі. Өйткені, доп жоғалтпай ойнау ешбір команданың қолынан келмейді. Осы тұрғыда қорғанысты күшейту үшін Гвардиола Серхио Бускетсу Сейду Кейтанының көмегіне жүгінуі мүмкін. Бұл футболшының алаңға шығасалысымен қапталдарда тәртіптілік орнайтыны бәріне мәлім. Сонымен қоса алып денелі ойыншы «Барса» мен «Реал» арасындағы бой айырмашылығын қысқартып, стандартты соққыларды қайтаруда септігін тигізер еді.
Қожайындардың суперматчта ұстанар тактикасы мүлдем қарама-қарсы . «Бланкос» алғашқы ысқырықтан кейін-ақ шабуылға көшіп жоғары темп орнатып қарсыластарының есін шығарып жіберуге тырысады. Өйткені Мауринью «Барса» күшіне еніп өз мәнерінде ойнай бастаса оны тоқтату қиынға соғатынын біледі. Сол үшін қарсыласын бірден сескендіруге тырысуы мүмкін.
«Барсаның» Пуйоль мен Эрик Абидаль секілді қорғаушыларына кім төне алады? Бәлкім бұл ойында «Реалдың» шабуылында бірден Карим Бензема мен Гонсало Игуаин көрінер. Биыл қос форвард та бабында келеді. Бенземаның қарсы алаң алдына доппен өте жылдам бара алатын қасиетін ескерсек, аталмыш ойында оның көмегі «Реалға» ауадай қажет болар.
Ойын нәтижесіне Давид Фернандес Борбаланның да әсер етер үлесі жоғары. «Барселона» - «Реал Мадрид» матчында қызмет ететін төрешінің есімі анық болы. 39 жасар Альмерия тұрғынына үлкен сенім артылған. Ойын барысындағы әр сәттегі тәртіп бұзушылықтарды байқап тұруына тілектеспіз. Өйткені көрермен тартысты, таза, қызықты әрі әдемі голдарға толы ойын күтеді.
Эль Класико – ең мықты әртістердің қатысуымен өтетін сұлу спектакль. Өзім оны ең талғампаз футбол гурмандарының сүйікті тағамына теңеймін. Сондықтан, футбол атты көркем өнер саласының ең сәнді көрінісін бірге тамашалайық.
Біздің серіктес: FONBET