62 жастағы маман Матьяж Кек Словения құрамасын жаттықтыра беретін болды, деп жазады, Аладоп.кз.
Бапкер мен Словения құрамасы арасындағы келісім 2025 жылдың қараша айына дейін жарамды.
Матьяж Словения командасында 2018 жылдың 27 қарашасынан бері қызмет атқарып келеді.
Еске салсақ, Магомед Адиев баптайтын Қазақстан құрамасы Еуро-2024 квалификациясында бір емес екі рет дәл осы Кек жаттықтыратын ұжымнан жеңілген болатын. Айта кететіні, Словения Ұлттар Лигасының 2024-2025 жылғы маусымдағы турнирінде ел командасымен бір топқа түсті.
Біздің серіктес: FONBET