Біздің жігіттер Мексикада өткен Әлем чемпионатының 3 орынына таласта Нидерландыдан басым түсті.
Канкун қаласында өткен ойында ел құрамасы сапынан Елемесов Абай (дубль) және Абдрасул Абутов гол соқты. Қорытындысы есеп - 3:1. Осылайша Қазақстан Мексикадағы өткен мундиальдің қола жүлдегері атанды.
Айтпақшы, бұған дейін “Атриум” деген команда атымен өнер көрсеткен біздің жігіттер жартылай финалда турнир қожайындары Мексикадан 0:5 есебімен жеңілген болатын.
Айта кетейік, 6x6 форматындағы көгалдағы шағын футболдан Қазақстан әлем бойынша көшбасшы мемлекеттердің қатарына кіреді. Бізден шыққан командалар әлемдік ареналарда барған турнирлерінде жүлдесіз қайтқан емес.
Біздің серіктес: FONBET