Ел құрамасының жолдастық кездесуінде қызмет жасайтын төрешілер аттары белгілі болды

Грузиялық төрешілер бригадасы Армения - Қазақстан арасындағы ойынды басқарады.

Бас төреші: Гога Кикачеишвили;

Көмекшілері: Давид Ахвледиани, Давид Габисония (барлығы – Грузия);

Төртінші төреші: Ашот Галтахчян (Армения).

Армения мен Қазақстан арасындағы жолдастық ойын 7 маусым күні Вазген Саркисян атындағы Республикалық стадионда өтеді деп жоспарланған. 

Айта кетейік, аталған кездесуге ел құрамасын Руслан Балтиев баптап шығармақ. Ол Магомед Адиев кеткеннен кейін уақытша бас бапкер қызметін атқара тұрады.