Жарнама
Жарнама

ЕЛ КУБОГЫ. «ҚАЙРАТ» ФИНАЛҒА БІР ТАБАН ЖАҚЫН

17.08.2014, 16:28
Жарнама
Жарнама
Кеше футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалындағы алғашқы ойындары болып өтті. Алматыда жергілікті «Қайрат» футбол клубы қарағандылық «Шахтерді» 2-0 есебімен жеңді. Ойын басынан жергілікті команда басымдылықты өз қолдарына алды. Ұрымтал тұстардың бірінде командаға жаңадан қосылған Риера Сито 19-минутта алматылықтарды алдыға шығарды. Жалпы бірінші таймда қонақтар көп уақытты өз айып алаңдарында өткізді. Екінші таймдада «Шахтердің» ойыны жүрмеді. Ал ойын аяқталар тұста алматылықтар есептегі басымдылықты екі допқа дейін жеткізді. Гол авторы Аслан Дарабаев. «Қайрат» — «Шахтер» 2:0 (1:0) Голдар: Риера 19 (1:0), Дарабаев 86 (2:0) Алаңнан қуылды: Жаңғылышбай 90 Жауапты кездесу 24-қыркүйекке жоспарланып отыр. Қазақ футболы
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров