Жарнама
Жарнама

Ел Премьер-Лигасы. Голға сараң, тең нәтижеге толы тур.

17.08.2015, 03:27
Жарнама
Жарнама
Командалар екіге бөлініп, жүлделі орындар мен біріншіліктегі орның сақтап қалуға таласатын ұжымдар анықталып, үш аптаға кеткен үзілістен кейін Ел Премьер-Лигасы өз жалғасын тапты. Алты кездесудің үшеуінде тең есеп тіркеліп, бар болғаны жеті гол ғана салынды. "Аладоп" екінші кезеңнің алғашқы турына шолу жасамақ. Турдың бірінші ойыныңда "Ақтөбе" "Астананы" қабылдаған болатын. Екі команда алғашқы кезеңді тең ұпаймен аяқтаған-тұғын. Ақтөбедегі "Орталық" стадионда өткен кездесу қонақтардың пайдасына шешілді. Бірінші таймда жанкүйерлер гол көрмегенімен, негізгі уақы аяталарға 9 минут қалғанда Рохер Каньяс елордалықтарға жеңіс сыйлады. Абзал Бейсебековтың оң қанаттан асырған пасынан кейін, колумбиялық легионер Стас Покатилов қорғайтын қақпаның бұрышын дәл көздеген еді. Батыстық команда соңғы 4 кездесудің 3-еуінде жеңіліп ұпайсыз қалып отыр. Командаға жаңадан келген Йоан Андоне бапкер де көмектесе алмауда. Еуропа Лигасының алғашқы кезеңінде-ақ жарыс жолынан шығып қалуы ұжымға әбден әсер еткен секілді. Бұлай жалғаса берсе, "Ақтөбенің" чемпиондыққа таласуы қиын шаруа. "Астана" болса Чемпиондар Лигасын қосқанда қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Жеке-дара көш бастады. Енді 18-ші тамыз күні "кәрі құрлықтағы" ең белді турнирдің плей-офф кезеңінде Кипрдің "Апоэлін" қабылдайтын болады. "Ақтөбе"-"Астана" 0:1(0:0) Голдар: Каньяс, 81(1:0) Ал, бір қызығы осы турда бірден үш кездесуде гол соғылмай, командалар тең тарқасты. Оңтүстікте "Ордабасы" мен "Қайрат", "Қайсар" мен "Тараз" 90 минут бойы қақпа кілтін таппаса, Қарағандыда "Шахтер" өз алаңында "Оқжетпеспен" голсыз тең нәтижені қанағат тұтты. "Ордабасы"-"Қайрат" 0:0(0:0) "Қайсар"-"Тараз" 0:0(0:0) "Шахтер"-"Оқжетпес" 0:0(0:0) Бірнеше мықты легионерлермен толығып, 6-шы орынды "Оқжетпестен" жұлып әкеткен "Ертіс" екінші кезеңнің алғашқы кездесуін "Атырауға" қарсы өткізген болатын. Чемпионат басында үздік үштікке таласуға дәмелі болған Владимир Никитенко командасы соңғы ойындарда қарқының бәсендетті. Павлодардағы кездесу де "мұнайшыларға" оң нәтиже бере қойған жоқ. "Ертіс" екі таймда бір-бір голдан тоғытып жеңіс тойын тойлады. Осы жеңістен кейін Димитар Димитаровтың шәкірттері "Ордабасыға" да, өздері басым түскен "Атырауға" да бір ұпай қашықтықта жақындай түсті. "Ертіс"-"Атырау" 2:0(1:0) Голдар: Фернардер Кассай, 36(1:0). Ронкатто, 87(2:0) Бұл турдың соңғы ойыны Қостанайда жергілікті "Тобыл" мен "Жетісу" арасында болып өтті. Талдықорғандықтар 3-ші минутта-ақ жылдам гол салып, есеп ашып алды. Ресейлік шабуылшы Руслан Галиакберов қақпашымен бетпе-бет шығып, мүмкіндігін сәтті пайдалана білді. 14-ші минутта Зенькович пенальтиден таблодағы көрсеткішті теңестіргенімен, 2 минуттан соң Тұрысбек қонақтардың екінші голын алаң иелері қақпасына дарытты. Екінші таймда ұзақ уақытқа дейін есеп өзгерген жоқ. Бірақ, 73-ші минутта әдемі шабуылдан кейін Руслан кездесудегі екінші голын салып, матчтың нүктесін қойды. Маусымдағы бесінші жеңісіне қол жеткізген "Жетісу" 10-ыншы орында болса, 12-інші рет жеңіліп отырған қостанайлықтар 9-ші орынға түсіп қалды. "Тобол" - "Жетысу" 1:3  Голы: Зенькович 14 (пенальти) - Галиакберов 3, 72, Тұрысбек 16

Жарыс кестесі.

 

 
1  АСТАНА 23 13 7 3 41-19 25
2  ҚАЙРАТ 23 13 6 4 43-14 23
3  АҚТӨБЕ 23 12 8 3 27-13 22
4  АТЫРАУ 23 9 10 4 25-21 19
5  ОРДАБАСЫ 23 9 9 5 21-18 19
6  ЕРТІС 23 8 9 6 28-23 18

 

7-12 орындар.

 

7  ОҚЖЕТПЕС 23 8 3 12 24-33 14
8  ТАРАЗ 23 7 4 12 17-25 13
9  ТОБЫЛ 23 7 4 12 23-35 13
10  ЖЕТІСУ 23 5 5 13 20-33 12
11  ШАХТЕР 23 5 4 14 16-38 10
12  ҚАЙСАР 23 3 9 11 12-25 10

 

   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров