Жарнама
Жарнама

Ел Премьер-Лигасының 10-шы туры аяқталды

04.05.2015, 03:51
Жарнама
Жарнама
Қазақстан чемпионатының кезекті туры өз мәресіне жетті. "Қайраттың" Қызылордада, "Ордабасының" өз алаңында сүрінгенін пайдаланған "Ақтөбе", соңғы минуттарда "Ертістен" жеңісті тартып алып, жеке-дара көш бастады. "Тараз" бен "Оқжетпес" тең тарқасса, "Астана" "Тобылды" тас-талқан етіп, үшінші орынға көтерілді. Атырау "кеншілерден" басым түсті. Қызығы, өткен турда бірінші орынды үш команда бөліп тұрса, енді екінші орынды бірден төрт команда бөліп тұр. Тараз-Оқжетпес 1:1(1:1) Голдар: Таубай, 13(1:0). Булешев, 31(1:1) Ордабасы-Жетісу 0:0 Қайсар-Қайрат 0:0 Астана-Тобыл 4:0(2:0) Голдар: Шомко, 28(1:0). Нөсербаев, 31(2:0). Кетевоама, 58(2:0). Жолшиев, 66(4:0) Ақтөбе-Ертіс 2:1(0:1) Голдар: Бансе, 34(0:1). Аделейе, 53(1:1). Пиззели, 90(пенальтиден, 2:1) Атырау-Шахтер 1:0(0:0) Гол: Эссаме, 58(пенальтиден, 1:0)

Жарыс кестесі

 

 
1  АҚТӨБЕ 10 5 5 0 11-4 20
2  ҚАЙРАТ 10 5 3 2 20-7 18
3  АСТАНА 10 5 3 2 18-10 18
4  ОРДАБАСЫ 10 4 6 0 11-5 18
5  АТЫРАУ 10 5 3 2 12-10 18
6  ТАРАЗ 10 4 2 4 9-7 14
7  ОҚЖЕТПЕС 10 4 1 5 11-15 13
8  ҚАЙСАР 10 2 6 2 5-6 12
9  ЕРТІС 10 1 5 4 11-15 8
10  ТОБЫЛ 10 2 2 6 8-19 8
11  ЖЕТІСУ 10 1 4 5 5-12 7
12  ШАХТЕР 10 1 2 7 7-18 5
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров