Өзбекстандық шабуылшы Эльдор Шомуродов Италиядан Түркия Суперлигасына ауысуына қатысты пікір білдіріп, таңдауының неліктен дәл осы "Стамбул Башакшехир" клубына түскенін ашып айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.
30 жастағы шабуылшының сөзінше, мансабындағы бұл бетбұрыс тек тұрақты ойын практикасына деген құштарлықтан туған.
Негізгі мақсат — ойын практикасы
Италия чемпионатында бағын сынаған Шомуродов үшін жаңа ұжым таңдаудағы басты талап — қосалқы құрамда отырып қалмай, алаңға жиі шығу болған. Ол Ыстамбұл клубының ұсынған жобасы мен ойын жүйесі өзіне толықтай сай келгенін атап өтті.
"Мен бұл клубты ең алдымен көбірек ойын тәжірибесіне ие болу үшін таңдадым. Маған бапкерлер штабының жұмысы мен команданың алаңдағы ойын мәнері бірден ұнады. Қазір менің барлық ойым тек "Башакшехирмен” байланысты. Түркиядағы басқа клубтардан түскен ұсыныстарды тіпті қарастырған да жоқпын.” — дейді футболшы.
Суперлиганың жаңа сұрмергені
Шомуродовтың бұл таңдауы өзін толықтай ақтағанын статистика да растап отыр. Түркия Суперлигасына тез бейімделген ол қазіргі таңда нағыз бабында, 18 матчта 13 голмен Сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр.
Біздің серіктес: FONBET