Жарнама
Жарнама

Елдос Ахметов «Астанадан» кетіп, «Таразға» қайта оралды

21.02.2022, 17:11
Елдос «Астанамен» келісім-шартқа отырып, елордалық командамен бірге Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына аттанды.
Жарнама
Жарнама

«Тараздың» баспасөз қызметі 31 жастағы қазақстандық қорғаушы Елдос Ахметовпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Айта кетейік, өткен маусымның соңында Ахметов жамбылдық клубтан кеткен болатын. Одан кейін «Астанамен» келісім-шартқа отырып, елордалық командамен бірге Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына аттанды.

Елдос Ахметов – Жамбыл футбол мектебінің түлегі. Ол 2012-2013 жылдар аралығында «Тараз» сапында өнер көрсетіп, өткен маусымда команда капитандарының бірі болды. Ол клуб сапында 46 кездесу өткізіп, 1 гол соққан.

Елдос «Ертіс», «Астана», «Қайрат», «Қайсар» командаларында да өнер көрсетті. Ол Қазақстан Премьер 196 матчқа қатысып, 8 мәрте мергендігімен көзге түсті. Қорғаушы Қазақстан құрамасында 16 ойын өткізген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров