Жарнама
Жарнама

Елдос Ахметов «Қайратқа» оралуы мүмкін

12.04.2022, 23:51
Жамбылдық клуб футболшыны тегін жібергісі келмейді.
Жарнама
Жарнама

Алматылық «Қайрат» «Тараздың» қорғаушысы Елдос Ахметовке көз тікті, деп хабарлайды Vesti.kz.

31 жастағы футболшы 2017-2019 жылдар аралығында «Қайрат» сапында өнер көрсеткен. Елдосқа алматылық команданың жаттықтырушылар штабы қызығушылық танытқанымен, «Тараз» негізгі қорғаушысын тегін жібергісі келмейді.

Өткен қыста Ахметов «Астанамен» келісім-шартқа отырған болатын, бірақ бір айдан кейін «Таразға» қайта оралды.

Ахметов «Ертіс» пен «Қайсар» командаларында да доп тепті. Қазақстан құрамасы үшін 16 кездесу өткізген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров