30 жастағы Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Елдос Ахметов мансабын "Таразда" жалғастыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды журналист және инсайдер Айдын Қожахмет.
Оған сондай-ақ Премьер-лиганың белді клубтарынан ұсыныс түскен екен. Алайда, Ахметов ойын уақыты көп берілетін командаға ауысуды жөн көрді.
Өткен маусымда қорғаушы "Қайсар" сапында ойнады, бірақ бас бапкер Стойчо Младеновтің назарынан тыс қалды. Бұған дейін ол "Қайрат", "Ертіс" және "Астананың" намысын қорғады.
Біздің серіктес: FONBET