Жарнама
Жарнама

Елдос Ахметовтың U-21-ге барғаны неге оңды шешім болды? Жастар құрамаларына жас мамандардың келгенін ақтайтын басты себептер

23.10.2025, 15:51

Елдос Ахметовтың U-21-ге барғаны өте ұтымды болды деп есептейміз.

Елдос Ахметов
Жарнама
Жарнама

Андрей Ферапонтовпен бірлесіп Қазақстанның жастарын жақсы нәтижелерге жетелейді деген үміт басым. Неге десеңіз, Еуро-2027 іріктеуіндегі нәтижесі көңіл көншітпеген жастарымыздың дәл қазір жігерін жану керек-ақ. Басқасы басқа, Андоррадан ұтылғаны өте ауыр тиді. Ал бір жас кіші Өзбек құрамасынан қатарынан екі рет есе жібергені ше? Қысқасы, отандық футбол федерациясы осындай қадамға барыпты. Онысы оңды болсын деп тілектестік білдірдік!

Андрей Ферапонтов пен Елдос Ахметов команданы алдағы екі матчқа дайындамақ – біздікілер Словакия (14-қараша) және Молдова (17 қараша) құрамаларына қарсы өнер көрсетеді. Елдос Ахметовтың тәжірибесі мол. Кезінде өзі де Қазақстанның түрлі жас санатындағы командаларында ойнады, мансабын тәмамдаған соң Қазақстан құрамасын тізгіндеген бірнеше бапкердің көмекшісі болды. Жаттықтырушының жұмысына байланысты біраз тәлім алып қалғаны түсінікті. Ал ең бастысы – жастардың тілін таба алады. Жалпы, негізгі құрамаға негіз болатын түрлі жастағы Қазақстан құрама командаларына Елдос Ахметовтей мамандарды тарту тиімді деп ойлаймыз. Неге? Біріншіден – футболды аяқтағанына салыстырмалы түрде көп бола қоймаған мұндай мамандардың көзінде оты, бойында энергиясы тасып тұруы керек. Жастармен шау тартқан, өзін әлдеқашан мойындатып қойған бапкерден көрі ең алдымен міне осындай жас жаттықтырушылар көп пайда әкеледі деп топшылаймыз. Өзін дәлелдеуі керек, өсуі тиіс, сол үшін жанын салып жұмыс істемек. Одан кейін жаттықтырушылықтағы жаңа буын болғасын өзімен бірге жаңашылдық, жаңа бір леп әкелуі керек. Соны ары қарай жұмыс барысында жастардың бойына сіңірсе. Мұндайлардан кімдерді атауға болады? Таңат Нөсербаев, Ұлан Қонысбаев, Юри Логвиненко. «Тобылдың» бапкерлік құрамында жүріп біраз шыңдалған Азат Нұрғалиев те жастарға жақсы жетекші болатын сияқты. Мұндай жас мамандар әлі бір жерге байлана қойған жоқ, жаңа ұсыныс, жұмысқа құлшына кірісіп әрі оған барын салады, бүкіл энергиясын сарп етпек.  

Былтыр Испаниямен Еурода атой салған Луис де ла Фуэнте! Испанияның түрлі жастағы құрамаларымен жұмыс істеген бапкер құрлықтық додаға қандай команда жасақтап келіп еді?! Бұл оның жалғыз жетістігі емес - «Қызыл фурияның» жасөспірімдер командасымен Еуро-2015-те, арада төрт жыл салып жастар құрамасымен тағы да Еропа чемпионатында жеңіске жетті. Былтырғы жеңімпаз командада испаниялық маманмен жастар командасынан бірге келе жатқан Родридей футболшылардың болғанына ерекше екпін қойғымыз келеді. Испания буын алмасу, ұрпақ сабақстастығы тұрғысынан осындай керемет үлгі көрсетті. Біз де қазір дәл солай жастардың қасына жас жаттықтырушыларды қосып қойсақ. Мейлі, бас бапкер болмаса да оның көмекшісі ретінде мүмкіндік беріп көруге болады ғой. Одан ешкім ұтылмайды. Қайта керісінше, ұлттық калориті бар жаңа, жас бапкерлердің буынын көріп қалуымыз мүмкін. Елдос Ахметовтей жігіттер қазақ футболының ыстық-суығын көріп, жағдайды іштен таниды, сондықтан бапкерлікте де осы жайттарды ескеретін еді.    

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров