“Жеңіс” ФК шабуылшысы Эльгуджа Лобжанидзе кәсіби мансабындағы 300 матчын өткізді.
Өткен жексенбіде 33 жастағы форвард клубтық деңгейдегі 300 кездесуін тіркеді. Онымен қоса, ішкі чемпионаттағы 80 ойынын өткізді. Жалпы өз мансабында Эбльгуджа “Мэйжчоу”, “Оренбург”, “Жеңіс”, Қайсар, Рустави, “Хейлун”, “Қызылжар”, “Динамо” Батуми, “Тараз”, “Қызылқұм”, “Шукура”, “Тобыл” және ВИТ Джорджия ұжымдарының намысын қорғады.
Айта кетейік, Лобжанидзе Қазақстанның 4 командасында барлығы 98 матч өткізіп, 32 гол мен 8 голдық пас берді.
Трансфермаркт порталы Премьер-Лиганың 2020/21 жылғы маусымының чемпионын 200 мың еуроға бағалайды.
Біздің серіктес: FONBET