Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Премьер-лиганың ең үздік шабуылшыларының бірі Элгуджа Лобжанидзе «Тобылға» ауысады.
Грузия ұлттық құрамасының 28 жастағы шабуылшысы өткен маусымда «Қайсар» сапында 13 матчта 8 гол соғып, қызылордалық команданың үздік сұрмергені атанды. Қыста оған тек Қазақстаннан ғана емес, Оңтүстік Кореядан, БАӘ-ден ұсыныс түскен. Бірақ оның есімі көбіне Пиерос Сотириу мен Алексей Щеткиннен айырылған «Астанамен» байланысты болды.
«Тобыл» ойыншы үшін күресте жеңіске жетті: қостанайлық клуб қазірдің өзінде Лобжанидзенің өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатыр және келісімшарт жасасуға жақын.
Біздің серіктес: FONBET