"Ордабасы" мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов Премьер-лиганың екінші турында "Шахтермен" өткен матч туралы және алда Франция құрамасымен болатын кездесу туралы өз ойын ортаға салды, деп хабарлайды Sports.ru.
- Маусымды жеңіспен бастау қаншалықты маңызды болды?
- Біріншіден, мен барлығын маусымның басталуымен, ал жанкүйерлерімізді - жеңісімен құттықтағым келеді! Жеңіс өте маңызды болды. Басқа командалар алғашқы матчтарын өткізіп үлгерді, бірақ біз "Қызыл-Жар" командасымен ауа-райының қолайсыздығына байланысты ойнай алмадық. Жаттықтырушыларға негізгі құрамдағы орынды сеніп тапсырғаны үшін рахмет!
- Матчқа Талғат Байсуфинов қатысты. Алаңдадың ба?
- Мен аздап қобалжыдым, бірақ командадағы жігіттер, жаттықтырушылар құрамы мені қолдады. Бұл маған көмектесті.
– Жасөспірімдер құрамасында ойнадың, кейін жастар, міне енді ұлттық құрамаға шақырту алдың. Қандай сезімдесің?
– Өте қатты қуандым. Ата-анам да қатты қуанды. Мен үшін күтпеген жаңалық болды. Бұл жөнінде маған алғаш болып клубтың президенті хабарлады.
– Алғашқы ойын Франция құрамасына қарсы өтеді. Олардың арасында сенің сүйікті ойыншың бар ма?
– Маған әрқашан Мбаппенің ойыны ұнайтын. Мен бала кезімнен "Барселонаға" жанкүйермін, ойындарын бақылап отырамын. Гризманн, Дембеленің келетініне сене алар емеспін. Бір жыл бұрын бұл туралы ойлай да алмайтынмын. Ал қазір оларға қарсы ойнайтын мүмкіндік бар. Алаңға бір минут ойнауға шықсам да, бұл мен үшін үлкен тәжірибе болады.
- Франция құрамасындағы ойыншылармен жейде алмастыру ойыңда бар ма?
- Әрине бар. Бірінші кезекте Гризманнмен алмастырғым келеді. Егер ол бермесе, басқа ойыншыдан сұраймын. Көреміз (күлімсіреді).
- "Қайратта" сенің үлкен ағаң бар - Сұлтанбек. Футболға қалай келгендеріңді айтып берсең...
- Біз Шымкенттегі облыстық мектепте бірге ойнай бастадық. Содан кейін біз екіге бөліндік: ол "Ордабасы" сапындағы 1999 жылғы ойыншылармен, мен 2000 жылғы ойыншылардан құралған командада ойнадым. 2016 жылы ол "Қайратқа" ауысты.
- Сіз үшін қиын болмады ма? Ұзақ уақыт бойы футболда бірге болдыңыздар, содан кейін ол басқа клубқа ауысып кетті.
- Барлығы жақсы болды. Әрине, егер шақырса, бару керек. Барлығы оны қолдады. Басында ол ыңғайсызданып, қайта оралғысы келді. Бірақ уақыт өте келе бәріне үйренісіп кетті.
Біздің серіктес: FONBET