Сербия біріншілігінің «Спартагында» доп тепкен Неманья Чаласан енді семейлік клубтың намысын қорғамақ.
28-жастағы қорғаушының трансфері 150 мың еуроны құрапты (81 миллион еуро). Айта кетейік, Сербия құрамасының бұрынғы ойыншысының бағасы 600 мың еуро. «Елімай» мен футболшының келісімшарты биылғы жылдың соңына дейін жарамды. 31-жастағы ойыншы жаңа клубымен бірге Антальядағы оқу-жаттығу жиындарына аттанбақ.
Неманья Чаласан «Спартак» сапында осы маусымда 17 кездесуге қатысып, голдық бір пас берген. Мансабында субботицалық ұжымнан бөлек, португалиялық «Шавиш» және «Лейшоеш» клубтары да болды.
Айта кетейік, «Елімай» өткен маусымда ҚПЛ-де 6-орын алды.
Біздің серіктес: FONBET