Жарнама
Жарнама

«Елімай» клубының дәрігері оқыс оқиғаға тап болды

27.09.2025, 16:31

Семейлік клубтың дәрігері Әсет Жарықбасов Өскемен-Алматы әуе рейсі кезінде өз біліктілігін қолдануға мәжбүр болды.

Жарнама
Жарнама

Ол жайында клубтың әлеуметтік желідегі парақшасы жариялады:

- «Адам өмірін сақтап қалғаны үшін «Елімай» футбол клубының медицина қызметкері Әсет Талғатұлына алғыс білдіреміз!

🔈Бүгін Өскемен – Алматы бағытындағы әуе рейсі кезінде бір жолаушының денсаулығы күрт нашарлап, есінен танып қалған болатын. Абырой болғанда, біздің командамыздың дәрігері – Жарықбасов Әсет Талғатұлы дәл сол сәтте ұшақта болды.

✔️Әсет Талғатұлы шұғыл түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жүрекке массаж жасап, жолаушыны есіне келтіріп, оның өмірін сақтап қалды.

📣Кәсіби біліктілігі мен жедел әрекеті үшін Әсет Жарықбасовқа клубымыз атынан шын жүректен алғысымызды білдіреміз!», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, дәл қазіргі сәтте «Елімай» футбол клубы ел чемпионатында еурокубокқа беретін жолдама үшін талас жүргізуде.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: