Жарнама
Жарнама

«Елімай» - «Қызыл-Жар» кездесуіне болжам

23.08.2025, 15:23

Бүгінгі ойын күнін «Елімай» мен «Қызыл-Жар» матчы ашады.

«Қайрат» - «Елімай» кездесуі
Жарнама
Жарнама

Алаң иелері айқын фаворит, бірақ петропавлдық клуб азулы қарсыластардан ұпай тартып алатындығымен танымал. Осы жолы да сөйте ме жоқ Андрей Карпович шәкірттері  кезекті жеңісін тіркей ме? 

«Елімай» 21 ойында 35 ұпай жинап, бесінші келеді. 10 жеңіс, 5 тең ойын мен 6 рет ұтылған. Доп айырмасы - 31-22. Семейлік команда керемет серияда келеді. Соңғы бес ойынның төртеуінде жеңіс тойын тойлап, үздік үштіктің қатарына кәдімгідей жақындап қалды. Семейліктер бүгін де жеңіс тіркесе, «Ақтөбеден» озып, үшінші орынға бір табан жақындай түспек. 

«Қызыл-Жардың» жағдайы ондай керемет емес. 21 матчта 21 ұпаймен тоғызыншы орынға жайғасқан петропавлдықтар соңғы рет бір жарым ай бұрын жеңіске жеткен еді (Тұран - Қызыл-Жар 1:2). Содан бері Милич Чурчич командасы екі матчта ғана тең ойнап, қалғандарында есе жіберіп отырған. Бұлай жалғаса берсе, премьер-лигада қалу-қалмау мәселесі туындап қалуы ғажап емес. Ықтимал нұсқа - екі команданың голы. Бұған.Fonbet.kz 2.02 коэффициент беруде.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров