Жарнама
Жарнама

«Елімай» - «Ордабасы» ойынына болжам

28.09.2025, 12:21

«Елімай» соңғы турларда «Ақтөбені» басып озуы ықтимал.

«Ордабасы» футболшылары голдарын тойлауда
Жарнама
Жарнама

Бүгін «Ордабасыны» ұтса, қалған екі бәсекеде «Тұранды»(сырт алаңда) және «Атырауды»(үйде) жеңуі тиіс. «Ақтөбенің» кестесі қиынырақ және  Андрей Карпович бұл мүмкіндікті мүлт жібермеуге тырысады. Семейлік команда Ғалымжан Кенжебек пен Рамазан Оразов келгелі түлеп сала бергендей - соңғы 6 матчта төрт жеңіс, 2 тең нәтиже. «Қайрат» пен «Ақтөбеден» басым болып, «Астанамен» тең түсті - 3:3.«Елімай» сұрапыл сериясын бүгін де жалғастыра ала ма? 

Андрей Мартин үшін қазіргі приоритет әрине Кубок финалы деуге болады. «Тобылмен» болатын бәсекені бәрінен жоғары қоятын шымкенттік командадан Семейде қандай нәтиже күтуге болады? Дәл қазір ҚПЛ-де 31 ұпаймен сегізінші сатыда тұр. Турнирлік кестеде одан ары жоғарылау мүмкіндігі аз, премьер-лигадан ұшып кетпейтіні де анық. Осындай жағдайдағы ұжымда қандай мотивация болады? Соңғы қалған екі ойында «Оқжетпес»(Үйде) және «Ақтөбеге» барады. Шымкенттіктер жанкүйерлер мен клуб намысы үшін әрине шайқасатын шығар деген үміттеміз. 

Бұл матчта екінші таймдағы голдардың жалпы тоталы 1.5-нан көп болуы мүмкін. Ықтимал нұсқаға Fonbet.kz 2.40 коэффициентін тарту етеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров