Жарнама
Жарнама

«Елімай» өз алаңында ірі жеңіске жетті

26.07.2025, 20:23

Қазақстан Премьер-Лигасының 18-турында Семейде жергілікті «Елімай» мен талдықорғандық «Жетісу» кездесті.

Жарнама
Жарнама

Кездесудің алғашқы жартысында-ақ «Елімай» екі гол соғып, басымдықты өз қолына алды. Алдымен 14-минутта Фессу Плакка қашықтықтан қақпаның бұрышын дәл көздеді. Кейіннен 37-минутта Ғалымжан Кенжебек пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

Екінші таймда семейлік команда ойын нәтижесіне бейімделіп, өз артықшылығын ұстап отырды. Қосымша уақытта Муртазаев тағы бір гол соғып, жеңісті түбегейлі бекітті. Есеп: 3:0.

Бұл жеңістен кейін «Елімай» 28 ұпаймен турнирлік кестенің жоғарғы бөлігінде орнықты. Ал «Жетісу» 16 ұпаймен оныншы орында қалып отыр.

«Елімай» — «Жетісу» 3:0 (2:0)

Голдар: Плакка 14 (1:0), Кенжебек (пенальти) 37 (2:0), Муртазаев 90+1 (3:0)

Қызыл қағаз: Саксесс («Жетісу»),  84-минут.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: