Жарнама
Жарнама

“Елімай” Рамазан Оразовты толықтай сатып алуы мүмкін

21.11.2025, 21:25

Келесі маусымда Конференциялар лигасына қатысу құқығын алған "Елімай" клубы құрамын нығайту мақсатында батыл қадам жасағалы тұр, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

AmanVibe телеграм арнасының мәліметінше, Семейлік команда Рамазан Оразовты "Силькеборг” клубынан толықтай сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы биыл "Елімайға” маусым соңына дейін жалға келген болатын. Ал оның "Силькебормен” келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Оразов Семей клубының сапында өткен маусымда 10 матчқа қатысып, Андрей Карповичтің командасындағы ең маңызды футболшылардың біріне айналып үлгерген еді.

Рамазан Оразов алдағы маусымды Абай облысында өткізуге қарсы емес екендігін білдірген. Бұл трансфердің жүзеге асуына оң әсер етуі мүмкін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров