“Елімай” “Тұранға” еш мүмкіндік қалдырмады

Спартак стадионында “Тұранды” қабылдаған “Елімай” осы маусымдағы ең нәтижелі ойынын көрсетті.

ҚПЛ, 20-тур

“Елімай” 6:0 “Тұран”

Голдар: Рейес 15’, 45+3’, Корзун 18’, Машуков 26’, Шина 72’, Свиридов 87’

Бұл кездесуде “Елімай” сапындағы ең қымбат футболшы Ислам Машуков гол соқты. Оның трансферлік нарықтағы қазіргі құны 900 мың еуро. 

Андрей Карпович командасы келесі ойынын 24 тамыз күні петропалдық “Қызылжарға” қарсы өткізеді. Айтпақшы, Әли Әлиевтің ұжымы бүгін алматылық “Қайратқа” минималды есеппен жеңілді. 

Материалда: